Спорт

Салауаттылық - өмір салты

Спорт - денсаулық кепілі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы;  егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,  ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек (Әл-Фараби). 

«Дені сау адам-табиғатты ең қымбат жемісі» деп өте орынды айтылған деп ойлаймын. Біз әрқашан даналықтарға сүйеніп, бірінші байлық – денсаулық деп жатамыз. Алайда, осы сөзге терең мән бермейтін сияқтымыз. Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бастап, осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен ерекше тұлғалаларды тәрбиелеуді негізгі мақсат-талабы еткен.

Салауатты өмір салтын сақтау туралы көп айтылып, жиі насихатталады. Елбасымыздың Жолдауларында да салауаттылықты мемлекеттік деңгейде қолға алу керектігі көрсетіліп келеді. Бұл еліміз егемендігінің ертеңгі кілтін ұстар ұрпағымыздың болашаққа бару жолының белгілі бағыты десек те болады. Алайда, бір әттеңі осы салауатты өмір салты деген ұғымды әркім әрқалай түсініп жатады. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигеналық ережені орындау.

Белгілі ғұламалардың бірі Аристотель: - «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, қараңыз осы тұжырымдама менің ойымша салауатты өмір сүрудің негізгі көзі болуы керек. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор.  Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Ал сол құндылығымыз - денсаулыққа дене шынықтыру арқылы қол жеткізуге болады.  Дене қозғалысы адамның организмін дамытып, еңбек ету қабілеттілігін арттырады, ауруды алшақтатып, ғұмырыңды ұзартады. Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне, мінез-құлқына, қарым-қатынастарына тікелей әсер етеді. Сондықтан, таңертеңгілік жаттығулар жасауды әркім, әсіресе оқушылар күнделікті әдетке айналдырғаны абзал. Ал, қазіргідей төтенше жағдай орын алған кезде қашықтықтан үйде оқып отырған оқушылар үшін бұл сөзімнің мәні зор деп ойлаймын. Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар, сабақ арасында бой жазу жаттығулары жасау, бос кезінде тиісті жаттығуларды қайталау адам ағзасына оң әсерін тигізері сөзсіз.

Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.

Ендеше, қозғалыста болайық, спортпен шұғылданайық, салауатты өмір салтын ұстанайық!