Саясат
Түркия Президенті Қазақстанның індетке қарсы іс-шараларына жоғары баға берді
Хатта: «Кеселге қарсы жұмыстарыңызды мұқият қадағалап отырмыз. Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол. Достас әрі бауырлас Қазақстанға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. Қазақстандық достарымыздың күш-жігеріне қолдау болар деген ниетпен еліңізге медициналық жабдықтар жіберудемін», – делінген.
Түркия Президенті вирустан көз жұмған азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, науқастардың тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді. Соңында екіжақты стратегиялық әріптестік дағдарыстан кейін қазіргіден де беки түсетініне сенім білдірген.