Қоғам

Демографияға үлес қосу үшін жағдай керек жоқ

Қоғам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Қоғамды қалай жақсарту керектігін білетін "ақылды" адамдар көп-ақ. Іспен дәлелдейтін бұрынғының ағаларын сөзден қамал тұрғызар сыншылар алмастырып барады. Қазақтың қызын, елді жамандағаннан ешкім жақсы ҚЫЗЫН, МЕМЛЕКЕТІН бермейді. Соны қашан түсінеді екенбіз?!

Күні кеше автобусқа мінсем, менімен бір аялдамадан бір ағамыз ілесе кірді. Ол кісі орын таңдап болуын тостым да,бос орынға (сол кісіге қарама-қарсы) мен де жайғаса кеттім. Байқасам, "қазіргі қоғамға" көңілі толмайтын қазақ тілінің жанашыры екен. Маған бір сұрақ қойып еді, әрине қазақша жауап қаттым. Сүйтсем, ол кісі "әйтеуір қазақша түсінед екенсің ғой" деді. Намысыма тигендей болды.

Бірақ мән бермедім. Өзге жігітпен ҚОҒАМ жайын талдап отыр, ЕКІ ҚАЗАҚ ОРЫСША сөйлейді деп ышқынды. Тілден тәрбиеге, тәрбиеден ҚАЗІРГІ "ТӘРБИЕСІЗ ҚЫЗДАРҒА" әңгіме ауысты. Демографияны көбейткісі келмейді қазіргі қыздар деді, оған жанындағы жігіт "ЖАҒДАЙ ЖАСАМАЙ ЖАТЫР ҒОЙ,АҒАУ" деді. Сонда әлгі ағамыз, бала туу үшін ЖАҒДАЙДЫҢ КЕРЕГІ жоқ деді. Қазіргі қыздарда ұят жоқ, бұрын аналарымыз әкеміздің көзіне тік қарауға қорқатын. Қазір өзім ақша табам, өзім жұмыс жасаймын "независимаямын" деп миды шірітеді" деп түйіндеді сөзін.

Мен де Қазақ қызымын. Бірақ бұл сөзіне қосыла алмайды екем. Осылай ойлайтындар көп қазір. Иә, бала туу үшін жағдай керек емес, балаға сапалы білім беріп, Азамат ету үшін жағдай керек. Пәтерден-пәтерге бала-шағамен көшіп жүргендер не сан. Мектептен-мектеп ауыстыра беру балаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Оқулықтары, киімі, тамағы мен өзге де курстарын есептеңіз.


Қыздарда ұят жоқ емес, бар. Қазіргі қазақ қызы жұмыс жасағанына қуану керек. Ойында түк білімі жоқ, бір ауыз сөз айтуға қорыққан бұрынғының келіншектерінен туған 10 баладан нешеуі ТІРІ ҚАЛДЫ, нешеуін Азамат ете алды?! Қазіргінің бір баласы көзі ашық, көкірегі ояу.
"АВТОБУСНЫЙ КОММЕНТАТОРЛАР", "КОММЕНТАТОР ТАКСИСТ", "ДИВАННЫЙ КОММЕНТАТОРЛАР" көбейіп барады. Ұнамай ма, ӨЗГЕРТ, АЙТ, ШЫҚ, ҚОЛДА! Қазақтың қызын, елді жамандағаннан ешкім жақсы ҚЫЗЫН, МЕМЛЕКЕТІН бермейді. Қазақтың қызын қолда, ұрпағың саналы болады. Дамуға үлес қос, жақсы мемлекетте өмір сүресің.