Денсаулық

Адам денесіндегі "бақыт" нүктесі

Тимус - нағыз жасару безі (Ник Иванов)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеуде қуысының орталығында орналасқан тимус безі «бақыт нүктесі» деп те аталады. Тимус безі негативті энергияны азайтуға, иммундық жүйені нығайтуға, сондай-ақ, денсаулықты сақтауға көмектеседі. 

Тимус 12 жаста белсенділігін тоқтатады, оны ақырын тықылдату, массаж жасау немесе ән айту арқылы қайта іске қосуға болады. Бұл сіздің энергетикалық вибрацияңызды жоғары деңгейге көтереді. Біздің тәніміз энергетикалық дисбалансқа ұшырағанда тимус безі арқылы реттей аламыз. Ол ми мен тәннің арасындағы көпір іспетті. 

Тимус безін белсенді ететін жаттығудың бірі – оны ақырын ғана саусақтармен терең дем ала отырып 20 сек тықылдату, жағымды аффирмация айтып отырып та жасауға болады. 

Бірнеше күн жасасаңыз сіздің көңіл-күйіңіз көтеріліп, қуанышты сезіне бастайсыз. Егер сізде уайым немесе стресс болса – күніне бірнеше рет осы жаттығуды жасаңыз, сонда сіз өмірдің тепе-теңдігін қалпына келтіре аласыз.