Weekend
Олар 300 жылдық тарихы бар саябақтағы сүйікті әншілерінің әнін біреу тыңдар деп үміттенеді.
Елшіліктің мәліметіне қарағанда, 24 мамырда Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Таллин қаласындағы Кадриорг саябағында Димаш Құдайбергеннің құрметіне орнатылған белгінің ашылуына қатысты.
Елшіліктің айтуынша, бұл акцияны Dimash Estonian Dears фан-клубының мүшелері ұйымдастырған. Олар 300 жылдық тарихы бар саябақтағы сүйікті әншілерінің әнін біреу тыңдар деп үміттенеді.
Айта кетейік, Эстониядағы Dimash фан-клубында елдің әр түкпірінен 500-ден астам адам бар.