Шымкент

Шымкентте 218 науқас коронавирустан емделіп шықты

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырған 606 азамат тіркеліп, 218 науқас емделіп шықты. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін пандемиядан 6 адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу 36 жаңа жағдайды анықтады. Бір тәуліктегі өсімі 6,3%-ды құрады.

Covid-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер, 359-зы науқастармен қатынаста болғандардан, 225-і  жергілікті  жерден шыққан.

«COVID-19» жұқтырғандардың 12% (74) балалар, 88% (532)  ересек азаматтар.

Емдеудегі 388 науқастың 302-і немесе 78%-і жеңіл, 11-і-жағдайы ауыр, орташа жағдайда 75 адам.

Барлығы қалада 260 карантиндік ошақтар тіркелген. Бүгінгі күнге 132–сі бақылауда.

Қалада инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан бірнеше маңызды шаралар қабылданды.