Шымкент
Карантин
Шымкент қаласында карантин кезінде азық-түлік тауарларының тапшылығын болдырмау мақсатында 50 тауар өндіруші кәсіпорын, 18 қойма және 25 сауда нысанға зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті.
Бұл мақсатта халыққа бірінші кезектегі азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында 2020 жылға тұрақтандыру қорына қалалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді.
Осының есебінен, қаладағы ірі сауда нысаны «Грамад» гипермаркетіне несиелендіру келісім-шарты түзіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Келісім-шарт бойынша, жалпы 11 түрлі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі.
Атап айтқанда: 550 тонна күріш, 2650 тонна 1 сұрыпты ұн, 70 мың дана І сұрыпты ұннан жасалған нан, 220 тонна -қарақұмық, 2500 тонна -макарон өнімдері, 700 мың литр күнбағыс майы, 240 тонна қырыққабат, 310 тонна сәбіз, 450 тонна пияз, 1000 тонна картоп, 2200 тонна құмшекер.
Бүгінгі күнге, түзілген келісім-шарттар аясында 10 мың 120 тонна тауар есебінен 3 ай мерзім ішінде халық 8 мың 800 тоннаға жуық азық-түлік тауарларымен қамтылды.
Қазіргі таңда қалада азық-түлік қоры жеткілікті және баға тұрақты бақылауда.