Шымкент
Инфрақұрылым
Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов мәлімдеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, бүгінгі күнге дейін 2 миллионнан астам көп қолданылатын маскалар, 88 тонна дезинфекциялық заттар, 166 мыңнан астам спрей шығарылды.
Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, жеке медициналық қорғау заттармен және тиісті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Қалада жұқпалы аурулар ауруханасында коронавируске арналған төсек орындар 300-ден 450-ге ұлғайтылды. Бұдан басқа, 320 төсек орындық провизорлық стационарлар, 1 416 карантиндік орындар ашылды.
Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында, лабораториялық тесттен өткізу шаралары күшейтілді.
Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылды. Нәтижесінде, күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді.
Сонымен қатар, жаңадан 2 лаборатория ашылып,тестілеуді 3 есеге дейін ұлғайтатын болады.
Сәуір-мамыр айларында жоспарлы тестілеуден өтетін 23 мың адамның 19 845 яғни, 86% ПЦР тесттен өткізілді.
Қала әкімдігі резервінен коронавируске қарсы шараларға 1,2 млрд.теңге қаржы бағытталды. Оның ішінде, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 501 млн.теңге бөлінді.
Одан бөлек, 5,8 млрд.теңгеге қалада жаңадан 200 орындық жұқпалы ауруларға арналған госпиталь құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-ші маусымында пайдалануға берілетін болады.