Weekend

Қазақстандықтар маусымда неше күн демалады?

Қазақстандықтардың маусым айында қанша күн демалатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маусымда мереке күндері болмағандықтан, қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндері ғана жұмысқа бармайды.

Маусым айындағы 30 күн бес аптаға ұзарады. Оның төртеуіне демалыс күндері түседі. Сонда демалыс сегіз күн - 6, 7, 13, 14, 20, 21, 27 және 28 маусым күндері болады.

Еске салайық, маусымда қазақстандықтар тойлайтын бірнеше мереке бар. Алайда қазақстандықтар ол күні демалмайды. Олардың арасында кәсіби мерекелер де бар. Мыналар:

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні;

4 маусым - Мемлекеттік символдар күні;

5 маусым - Экологтар күні;

23 маусым - Полиция күні және Мемлекеттік қызметшілер күні;

28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні;

Маусымның екінші жексенбісі - Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні;

Маусымның үшінші жексенбісі - Медицина қызметкерлерінің күні.