Авторлық ертегі
Тылсым табиғат
Аферус патшалығы маңында әдемі, табиғаты ерекше ну орман бар. Орман жап-жасыл, жылғасынан мөлдір бұлағы төгіліп тұрады. Аң-құсының әсем үні табиғатқа ерекше үн қосады.
Құстардың әні, жаныңа тыныштық сыйлайды. Орманды ерекше сиқырлы күш қорғап тұратын. Халық ішінде мұнда перизаттар тіршілік етеді деген аңыз бар. Алайда бірде бір аферустіктер перизатты жолықтырған емес...
Орман ішінде габерон тайпасы мекен етеді.Оларды кейде орман сақшылары деп те айтады. Бұл орманды бұрын Аферус патшасының әкесі жасаған болатын. Сол кезде осы тайпа адамдары күтіп-баптауға көмектескен. Патша өз ризашылығы ретінде орманда габерондықтарға тұруға рұқсат берген. Сол заманнан бері орман гүлдеп, көркейе түскен.
Бір күні патша уәзірі орман жайлы түрлі жазбаларды көріп ,қызыға оқиды. Онда перизаттардың расымен де тіршілік ететінін,олар орманды қорғап,табиғатқа өмір сыйлайтынын оқиды. Орман перизаттары тек қана кеш қарайғанда шығып орманды бір тексеріп шығатын болып шықты. Ең маңыздысы, перизаттар кез келген тілекті орындайды екен.
Уәзір бұл жазбаларға сене қоймайды, өйткені перизаттарды көзімен көрген ешкім болмайтын. Уәзір осыншама таңғажайып тіршілік иелері жайлы ойдан еш арыла алмады. Өйткені уәзірдің кенже ұлы сырқат болатын, ешқандай емші баланың сырқатының емін таба алмай, уәзірге баласымен қоштасуға дайындала беруін айтқан. Міне, сол себептен де уәзірдің соңғы үміті осы перизаттар. Уәзір келесі күні кеш қарайғанын асыға күтеді. Перизаттарды жолықтырып қалсам, ұлымды аман алып қалар едім деп үміттенеді.
Көптен күнкен кеште қарайды. Уәзір орманға қарай асығады. Таңғажайып орман түнде де өз сұлулығымен көздің жауын алады. Уәзір түні бойы орманды аралайды. Алайда ешқандай перизатты жолықтырмайды. Уәзір қатты қайғырып,орман ішінде кетіп бара жатады. Сонда габерондық жас баланы көріп қалады:
- Сәлем,сен осында тұрасың ба? Айта ғойшы балақай осында перизаттар мекен етеді деген рас па? - дейді.
- Иә, мұнда перизаттар мекен етеді. Алайда олар ешқашан қарапайым адамдардың көзіне түспейді. Ал сіз оларды неге іздедіңіз? - деп сұрады бала.
- Менің ұлым сырқаттанып қалды, ешқандай адам баламның емін таба алмады. Естуімше перизаттар кез-келген тілекті орындайды екен. Ең соңғы үмітім осы перизаттарда, - деп уәзір жауап берді.
- Балам сырқат дейсіз бе? Онда менімен жүріңіз,менің әкем сізге көмектесіп қалар, - деді.
Уәзір мен балақай жол бойы әңгімелесіп,тайпа көсеміне келді. Бала әкесіне барлығын айтып берді. Көсем ұзақ ойланып:
- Егер де осындай шын ниетпен келген болсаң, перизаттарды жолақтыра аласың. Перизаттар өмір ағашында мекендейді. Өмір ағашы орманның жүрегі,дәл ортасында. Дәл қазір сонда бар,перизаттар саған көмектеседі,-дейді
Уәзірдің үміт шырағы қайта жағылып,орман жүрегіне қарай жол тартады. Бақыттың бағын аралап жүрген уәзір көп ұзамай өмір ағашына келеді. Уәзір келіп:
- Орманның қорғаны перизаттар, сендерден зор үмітім бар,менің сырқат баламның емін тауып беріңдерші, - дейді. Перизаттар шықпайды. Әке көзіне жас алып:
- Бала деген менің ең үлкен байлығым, баламның денсаулығы менің бақытым!Күнде төсек тартып жатқан баламды көріп, жүрегім ауырады. Барлық емші, дәрігерлерге бардым, алайда бірде біреуі баламды емдеп жаза алған жоқ, - дейді.
Перизаттар шыға бастайды.
- Біз балаңызды емдеп береміз, алайда сиқырдың күші баланы толық емдеп жаза алмайды.Толық емделу үшін айналаңыздаңыларға аянбай жақсылық жасауыңыз шарт. Сіздің жасаған жақсылықтарыңыз балаңызға ем болатын болады, - дейді.
- Рахмет сендерге перизаттар,баламды емдеп, маған күш сыйладыңдар,сендерге алғысым шексіз, - деп үйіне қарай асығады.
Есігінің алдында кенже ұлы жүгіріп шығады. Баласының жүзінен күлкі көрген уәзір қатты қуанып, баласын кеудесіне қысып құшақтайды.
Сол күннен бері уәзір үнемі айналасындағыларға көмек беріп,жақсылық жасайды. Баласы күннен күнге нұрлана түсіп,уақыт өте аурудың ізі де қалмайды.Кез-келген адамға жасалынған жақсылық қайырлы болады...
Сіз де жақсылық жасап,жаныңызға бақыт сыйлаңыз!
Егер сіз перизаттарды жолықтырсаңыз қандай тілек тілеуші едіңіз?