Көзқарас

Мен - қазақпын!

Патриоттық сезім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ. Қазақ әлемге өткен ғасырдан бері қонақжайлылығымен, ақкөңілділігімен, өнері мен спорттағы жетістіктері арқылы танымал. Ал ғылым-білім саласындағы  жетістіктер мен негізгі үдерістер алдынғы ғасырдадағы ұлт қайраткерлерінің арқасында жеткен жетістіктер. 

Қазақ десек есімізге кейде қайсар рух, ұлты үшін бәріне баратын қайраткерлер, ананың анасы елестесе, ал кейде жалқаулық, сауатсыздық пен арба сүйреген жастар түсері анық. Біз тек заман көшімен ғана келе жатырмыз. Өркендедік деген сөз ғана. Ал шын мәнінде өрлеу жоқ. Мұның бәрі атың өшкір жемқорлықтың кесірі деп жатамыз. Бірақ өзіміз де жетісіп тұрған жоқпыз.

Неге біздің ұлы бабаларымыздың ұрпақтары ұсақталып жатыр. Әуелгі себеп шылым мен алкоголь. Оған тәуелділік аз уақыт бұрын пайда болғанымен, бұл улар қаншама шаңыратың шайқалып, қаншама жазықсыз жандардың өмірін қиды. Екінші қазақтың өз баласына деген шектен тыс қамқорлығы. Қазақтың көбі менің балам жесе екен, менің балам көрсе екен, менің балам қиналмаса екен деп, баласыннан барын аямай, жеңілдің астымен, ауырың үстімен жүргізіп, шыбық басын сындыртпауға тырысады.  

Қазақта біз сөз бар "Балаңды аясаң аяма" деген. Бұл сөздің мағынасы балаңды жасында еңбекке баулып, ересек өмір туралы дұрыс көзқарас тудырмасаң, балаң ересек өмірде үлкен қиындыққа тап болады.

Сондықтан бала басынан,

Қиындық көрсін  жасынан.

Түсінер халық жағдайын, 

Есіне алар әрдайым. 

Бұл баладан шықпайды,

Жамандар мен жемқорлар.

Қиындықтан бұқпайды,

Қиналғанда адамдар.

Келесі мәселе жастардың мамандық таңдаудағы қатесі, осының кесірінен талай жас екі қолына бір күрек таппай, лағып жүр. Бұның басты себебі жастардың өзін-өзі таппауы. Немесе мамандығының көңігіне жақпауы. Міне осы мәселелер шешілсе, ұлтымыздың оңалары анық.

Ал қазірде міне қазақ деп айта алатын спортшылар, өнер қайраткерлері көп шығар, бірақ болашақ әрдайым білім мен ғылымың қолында. Келешете жер бетін де білімі мен ғылымы озған ұлттардың қалары, ащы да болса шындық. Сондықтан бізге мен қазақпын дейтін, өз ұлтын ойлайтын, білімді азаматтардың бізге керегі анық. 

Ондай азаматтар жоқ емес солардың бірі, репер-Жан Ақмадиев. Ол халқымыздың ұйқылы санасын ояту үшін, басын бәйгеге тігіп, әрдайым елдегі маңызды мәселелерді қағаз бетіне түсіріп, өзінің ащы жырларына қосады. 

Осындай азаматтар көбейсе еліміздің оңалары анық. Сондықтан елімізде соларға қарап, мен қазақпын дейтін азаматтар көп болғай!