Weekend
Тележүргізушіге қойылатын талаптар
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕндеше, тележүргізушіге қойылатын талаптармен таныс болыңыз:
1. Қысылмаңыз.
Тележүргізуші атанғыңыз келсе, қысылып-қымтырылудың қажеті жоқ. Бұл-миллиондаған аудиториямен қарым-қатынастың қайнар көзі. Табиғаттан берілген қасиетіңізді өзгертпеңіз. Бұл тұста актерлік шеберлік курстарына жазылу мен ораторлық қасиетіңізді дамыту артықтық етпейді.
2. Көрікті болыңыз.
Тележүргізушінің дене-бітімі тартымды әрі бет-бейнесі көрікті болуы керек. Телевидениеден әр түрлі аламдарды кезіктіруге болады. Алайда сырт-келбеті тартымды тележүргізушінің қаралым көп жинайтынын ұмытпаңыз.
3. Жан-жақты әрі білікті болу-шарт.
Тележүргізуші үшін тәжірибенің маңызы зор. Неғұрлым тәжірибе жинасаңыз, соғұрлым шыңдала түсесіз.
4. Даму үстінде болыңыз.
Өздігімен рухани тұрғыда өсу-тележүргізушінің қабілетін безендіре түседі. Сіз көрерменді қызықтыруға тиістісіз. Дүние-танымның кеңдігі, кез-келген тақырыпта әңгіме-дүкен құру, суырыпсалмалық қасиет-нағыз тележүргізушіге тән.
5. Тікелей эфирде барлығына дайын болу.
Тікелей эфир-тележүргізушіні шыңдай түсетін орын. Бұл жерде сіз кез-келген жайтқа дайын боласыз. Ең бастысы-мимикамен, дикциямен күнделікті жұмыс жасау.
• Қолайсыз жұмыс.
Тележүргізуші үнемі классикалық киім киіп, студиялық форматта жұмыс жүргізбейді. Сізге таудан секіріп немесе
өзенде жүзіп те сұқбат алуға тура келеді.
▪︎ Жағымсыз пікірлер.
Белгілі тележүргізушіні бірінші күннен-ақ сынап-мінейтіндер табылады.Бірақ, осыған бола алаңдаудың қажеті шамалы.Сіздің танымалдылығыңыз бен біліктілігіңіз-карьераңыздың дамуына септігін тигізетінін біле жүріңіз.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61