МӘДЕНИЕТ
Арнау өлең
Шалқытқан өмір-өнер аламанын,
Айтамыз атамыздай дара барын.
Жұбанов Аxмет ата мектеп ашып,
Баулыған ең дарынды балаларын.
Талай соқпақ тартса да тағдырынан,
Ізгіліктің бас тартпас барлығынан.
Қазақ үнін қияда әуелеткен,
Төгілген саз жауһары сандығынан.
Жаралған бағың нұрдан, жаның жырдан,
Қарапайым елінің қамын қылған.
Қазағым деп тірнектеп тіршілікте,
Талай өр мен қияны бағындырған.
Саз әлемнің сардары- алып тұлғам,
Еңбегіңді елің бар танып тұрған.
Бұлақтың көзін ашып, мектеп салып,
Болашақтың ақ жолын анық қылған.
Қалықтап әндерің тұр көкте күнде,
Сіз салған көктеп жатыр мектебің де.
Атыңыз мәңгілікке сақталады,
Тариxтың жарқын-жарқын беттерінде
Авторы: Сүнәділла Нұрсұлтан