Weekend

Антиплагиат: Мәтініңді тексер!

90 %-дық нәтижеге қол жеткіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл қызметтердің барлығы бірдей жұмыс істейді. Сіз мәтінді қойып, нәтижесін күтіңіз. Жүйе интернеттен алған материалдарыңыздың сілтемесін әсте шығарып береді.Әдетте, мұндай қызметтерде вербальды сәйкестіктер орын алып жатады. Мәтініңіздегі әр сөздің өзін интернет желісінен тауып беруі де мүмкін.


1.Text.ru- жобасы мазмұнмен алмасуды және мәтінмен жұмыс істеуге арналған бірнеше қызметтерді біріктіреді, олардың арасында веб-плагиатты тексеруге арналған құрал бар.

Text.ru 15000 таңбаға дейінгі материалдарды тегін талдайды. Сонымен қатар, тексеру кезек бойынша жүреді: жүйенің басқа пайдаланушыларға қызмет көрсетуін күтуге тура келеді. Тіркелу арқылы сіз процесті жылдамдата аласыз.


2. ETXT.ru- пайдаланушыларға бірегейлікті тексеру бойынша қызмет етеді.

Тегін және тіркеусіз сіз 3000 белгіден аспайтын мәтіндерді талдай аласыз. Егер сіз сайтқа тіркелген болсаңыз,  шектеу 5000 таңбаға дейін артады. Тексеру жылдамдығы кезекке байланысты. Алдыңызда 20-30 адам болса, арнайы поштаңызды жазып қалдырсаңыз болады. Жауабы пошта жәшігіне келеді. Сонымен қатар, сіз Windows, macOS, Linux үшін плагиатқа қарсы жұмыс үстелінің нұсқасын ақысыз жүктей аласыз. Таңбалар саны шектеусіз.

3. Advego Text.ru- сияқты, веб-сайты - мәтіндерді сатуға, тапсырыс беруге және талдауға арналған қызмет жүйесі. Мұнда бірегейлікті тексеретін құрал да бар.

Интернетте Advego Plagiatus қызметін пайдалану үшін  тіркелуіңіз керек. Тегін профиль жасау арқылы сіз күніне 3000 таңбаны тексере аласыз. Егер  жергілікті мазмұн биржасында мақалаларды сатсаңыз не сатып алсаңыз, сіздің есептік жазбаңыздың деңгейі өседі және тегін сараптауға арналған таңбалар саны артады.

4. Content Watch - мәтін мазмұнын тексерудің тәуелсіз құралы.  

Мәтінді тегін және тіркеусіз талдай аласыз. Бірақ бұл жағдайда шектеулер қолданылады: тексерген мәтініңіз 10000 сөзден асып кетсе сіз келесі мәтініңізді үш күннен кейін тексере аласыз.

5. Copywritely- бірегейліктен бөлек,  мәтіннің оқылуына, грамматикалық және стилистикалық қателіктерге назар аударады. Айына 2500 сөзге дейін бес мәтінді тегін тексере аласыз.