Bugin

Рушылдығың емес, рухың күшті болсын

Руға бөліну дұрыс па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шынымды айтсам, қазір мерей тойлар болсын, жиындар болсын,тіпті қарапайым үйдегі отырыс болсын қай жерге бармасаңда осы бір руха қатысты әңгіме.

Руың қандай, руыңның қайдан шыққанын білесің бе тағы да басқа сұрақтар... Осыдан болар қазір руға бөліну алаңдататын жағдай болып тұр. Біреулері өз руларының шежіресін кітап етіп шығарса, енді бірі өз аталастарынынан шыққан атақтыларын, бүкіл ел білсін білсін-білмесін - әулие, би, батырларын насихаттауға түрлі әрекеттер жасауда.

Осылай көзге көрінбейтін, мәресі қай жерде екені белгісіз жарыс жүріп жатыр. Бұндай жарыстың бар екенін әсіресе біреу лауазымды орынға отыра қалса бірден білуге болады. Ілезде ол азамат туралы «өзі қай жүз, қай рудан екен?» деген сұраққа жауап ізделіне бастайды. Неге екені белгісіз «бұл азаматтың ұлтжандығы мен іскерлігі осы лауазымына сай ма?» деп сұрамайды.

Руға бөлінгеннен не пайда? Егер бәрібір түбің бір қазақ болса, тамырың да қазақтың қаны ойнаса? Дарындылар да, даралар да әр рудан шықса да,олардың жүрегі әрдайым қазақ деп соққан.

Кенесары, Абылай, Қасым осылардың барлығы неге бірікті? Себебі олардың жүрегі әрдайым қазақ деп соққан. Иә, бәлкім бұл ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр шығар,бірақ дәл қазіргі кезде бұл үрдісті әркім әр қалай түсініп өз беттерінше тарихты бұрмалауда.

Қазақ болып бөлініп жүрсек, біздің Қазақстанымызды кім көркейтеді? Кім біздің көк туымызды көк аспанда желбіретеді? Барлығыда өз қолымызда. Ертеңгі болашақ дәл бүгіннен, біздің көмегімізбен басталады.

Сондықтан ел басқару, басқа да мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асыру барысында ешкімді руына, жүзіне қарап бөлектемей, тек ұлтжандығы, азаматтығы, парсаттылығы және іскерлігі мен ұйымдастырушылық деңгейін есепке ала отырып қызметке тарту бүгінгі күннің талабы екенін мойындау қажет.