Шымкент

Шымкент: Электрондық билеттендіру жүйесінің артықшылығы көп

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерде шілде айынан бастап «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі енгізілмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бұқаралық ақпарат құралдарымен өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Жоба «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылмақ. Жүйені ағымдағы жылы қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Көлік картасының бағасы 500 теңге болмақ. Карталардың 4 түрі болады: жалпы  пайдаланатын карта, оқушылардың картасы, студенттік карта және тегін жүру картасы. «QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан көлік картасы Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, ерен еңбегі үшін медалімен марапатталғандар, Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарға  және  І - топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады.  

Жолаушыларға көлік картасымен, SMS, QR-код, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, оқушыларға  мектеп асханаларында көлік картасымен төлеу мүмкіндігі қарастырылуда. 

Сондай-ақ, Мақсұт Пернебайұлы карта арқылы тұтынушылар үшін тиімді тұстары көп екенін және жүйені бақылауда ұстауға толық мүмкіндік беретінін атап өтті.