Ертіспен сырласу

Жыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Жағаңа келем кейде, елеңдеме,
Сенің де сырың білем тереңдерде.
Тамшыға зәру емес кемеріңе,
Мен келіп сыр арнасын төгем, неге?
Кімдер кеп төкпеді екен саған мұңын,
Ал, сені дәл өзіңдей демепті кім?
Ей ,Ертіс сенен бәлкім үйренермін,
Сырымды сыртқа бермеу керектігін
Саған кеп ,енді жасты шыламаймын,
Өткен күнді қайтадан сұрамаймын.
Бұрынғы көз жасымды ағызып кет,
Мен енді сөз беремін жыламаймын.
Ей Ертіс, сырласамын сеніменен,
Жағаңда жаңа өмірге келер өлең.
Мен үшін енді мүлде алаңдама,
Мен енді қуаныштан десте терем.
Ей, Ертіс түсін мені,ұрспа маған,
Сендік жүрек біздерге ұқсамаған.
Аға берсін, алып кет мұңдарымды
Қуанышты өзіме жасап алам.