Алматы
"Open space" форматында
Ағымдағы жылдың 30 мамырында Алматыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Алик Шпекбаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Бірінші Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйым өкілдері және академиялық топтардың қытысуымен "Аntikor ortalygy" сервисі ашылды.
Сервис орталығы ашық кеңістік форматында және келушілерге ыңғайлы тиімді дизайнға негізделіп тұтынушы назарын аударатын қағидаттарға жауап беретін негізде ашылғын. Барлық адамдар орталыққа жүгіне алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері азаматтарды күн сайын қабылдайды.
Мұндай кеңселер халықпен өзара іс-қимылдың жаңа, неғұрлым ашық нысаны болып табылады”, - деп Әкім атап өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатында, Алматы қаласының әкімі жаңа сервистік орталықтың іске қосылуы мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз етудегі тағы бір маңызды қадам екенін ескеріп өтті.
Өз кезегінде агенттіктің Төрағасы мемлекеттік органдардың қызмет көрсетуге көзқарастарының өзгеруі жалғасатын процесс екенін атап өтті.
«Бүгін біз шенеуніктердің ұйымдастырушылық мәдениеті қалай өзгеріп жатқанын - мемлекеттік қызметкерлер мен басшылардың азаматтармен жақындасуын байқап отырмыз. Тәжірибе көрсеткендей, шағым және арыздармен жұмыс жасау, нақты «проблемалық аймақтарға» көңіл бөлу және оларды шешу сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді әдісі болып табылатынын - А.Шпекбаев атап өтті.
И. Рогов тұтынушылардың назары Агенттіктің белсенді насихаттайтын парасаттылық идиологиясының басты құраушы бөлігі екенін - атап өтті.
Антикор-орталық алаңында "Алматы – Адалдық алаңы" және "Protecting business and investments" жобалық кеңселері жұмыс істейтін болады. Онда "Адал көмек" жобасы заңгерлері тегін құқықтық кеңес беретін кеңселер орналасқан.