Weekend
Ақпарат
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы №507 бұйрығымен бекітілген «2019 жылға Үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды ұсыну» жоспарына сәйкес, «Лұғат» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен«Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу»тақырыбы бойынша мемлекеттік грант аясында Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді ілгерілетуге бағытталған оқыту курсын ұйымдастырады.
Шараның мақсаты: үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту, ҮЕҰ қызметінде мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру.
Шара елдің 6 өңірінде Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласында өткізіледі. Онда мынандай мәселелер қамтылады: ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша өңірлік оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, SMM арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттік тілде әдістемелік құралдарды дайындау және тарату.
Білікті мамандар сабақ беретін болады. Олар: КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы, филология ғылымдарының кандидаты, іс-қағаздарына қатысты бірнеше кітаптың авторы Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы, филология ғылымдарының кандидаты, «Лұғат» қоғамдық қорының басшысы Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы.
Курсқа Қазақстанның 6 өңірінен 300 дей адамды қамту көзделіп отыр. Курс аяқталғаннан кейін сертификат тапсырылады.