Шымкент

Шымкент: "Бастау бизнес" жобасы бойынша оқыту 10 маусымда басталады

Кәсіп бастау негізі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы 2020 жылдың 10 маусымында онлайн оқытуды бастайды.


 1. Оқуға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, жолдама алады(жолдама 5 күнге жарамды)⠀

Мекен-жайы: Бәйтереков көшесі, 89.⠀⠀

2. Жолдаманы алғаннан кейін үміткер Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына келіп немесе сілтеме арқылы оқуға өтініш бере алады.

Оқуға қатыса алмайтын азаматтар:

 Ресми түрде жұмыс жасайтындар;

Шымкент қаласында тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтар;

Ресми түрде бала күтімінде отырған(декреттегі);

Күндізгі бөлімде оқитын студенттер;

ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 3 жылдан асқан кәсіпкерлер;

 Оқуға қатыса алатын азаматтар:

- 18 жас пен зейнет жасына дейін жұмыссыз азаматтар;

- жұмысқа қабілеті бар мүгедек жандар (арнайы дәрігердің рұқсат қағазымен)

- аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын)

- көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

Оқу мерзімі 21 күн. Оқуды аяқтаған қатысушыларға 2 жылға жарамды сертификат беріледі.

Сертификат арқылы жеңілдетілген несие алуға, басқа да мемлекеттік гранттардың конкурсына қатысуына болады.

Аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға(сертификатпен) жеңілдетілген 4% несие алуына да болады!

⠀Қаржының көбісі қаржыландыруға жеңілдетілген несиеге бағытталған.

Мемлекеттік грантқа жоғарыдағы көрсетілген санаттағы азаматтар оқуын аяқтағаны туралы сертификат арқылы қатыса алады.

ЖК (ИП), ЖШС-ның (ТОО) тіркелгеніне 1 жылдан аспаған кәсіпкерлер қатысады.

Төмендегі әлеуметтік  топтағы азаматтар:

-аз қамтылған отбасылар (АӘК алатын)

- көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар,

мемлекеттік грант конкурсына оқымай(сертификатсыз)  қатысуға мүмкіндігі бар.

Қосымша сауалдарыңыз болса, Атамекен кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады.

Мекен-жайы:

Сайрам мөлтек ауданы, Ерімбетов көшесі 304 г, «Дәстүр» тойханасының жанында орналасқан.

                                                                                                                                                                                               Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы