Шымкент

Шымкент: Елтайда үйлердің құрылысы басталды

Елтай тұрғын алабында 5 үй қайта салынып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкенттегі Елтай тұрғын алабында табиғи апаттан зақымданған 5 үй қайта салынып жатыр. Олардың құрылысын елдегі «Bi Group» компаниясы өз қаржысынан жүргізеді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары басталып кетті.

Бүгін, 5 маусым күні Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов Елтайда тұрғызылып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Қала басшысы аталмыш құрылыс мекемесіне алғыс айтты.

Үйлердің өлшемі - 11х11 метр. Ал аумағы - 112.36 шаршы метр. Сонымен қатар қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден болады. Жоба бойынша ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізіледі.

Сондай-ақ Мұрат Дүйсенбекұлы су басып кеткен ауылдың тұрғындарымен кездесті. Қала әкімі су тасқынынан шығынға ұшыраған тұрғындарға «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар барлық құрылыс жұмыстары аяқталған соң тұрғын алаптағы бас көшеге асфальт жол төселетінін айтты.

Кездесу кезінде тұрғын Жаңабаев Батырхан қолдау көрсетіп жатқан барша қызметкерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ Тоғыс өзенінен өтетін Елтайдағы екінші көпірді жөндеп беруін сұрады. Осы ретте, қала әкімі көпір салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін және қаржы бөлу бойынша мәслихатқа ұсыныс хат енгізілетінін жеткізді.

Осы сапарынан кейін Шымкент қаласының әкімі табиғи апаттың алдын алу және болдырмау мақсатында сала жетекшілеріне қашыртқы каналдар жүйесі жобасын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61