Weekend

Мектеппен қоштасу

Түлектердің тағдыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биылғы жыл жағымсыз жаңалықтармен бастау алып, әліде елді қуанта қоймады. Індетті құтылмай жатқанда, міндеттерін бітірген мектеп түлектері кеші соңғы қоңырауларын соғып, болащаққа бір қадамын жасады.

Мемлекеттің денсаулық министірі рұқсатымен 3-4 маусым күні 11 сынып оқушылараның атестат тапсыру рәсімін өткізіп,мектеппен қоштасуларына келісімін берді. Дегенмен бұл келісімнің де өзіндік шарттары болды. Мәселен оқушылардың және келген қонақтардың арасы белгілі бір қашықтықта болып, дистанциясын сақтау,сонымен қатар барлық адам маскасы мен медициналық қолғаптарын ұмытпаған жөн екенінде ескертті.

Онымен қоса әр сынып әр түрлі уақытты бірінен-соң бірі яғни адам көп шоғырланбауы керек деп ұққан. Міне, биылғы түлектер мектеппен осылай қоштасты. 2020 жылы қазақстанда 130 мың түлек бітіріп жатырса,осының бәрі өздерінің атестат алу кешінің осылай болуына қаймығады әрине.

Мен де солардың қатарынан,яғнм биылғы түлекпін.Жылдағыдай керемет-керемет іс-шаралар, соңғы қоңырау,түлектердің таңды қарсы алуы тағыда басқа шаралары өткізілмей қалуды. Әрине барша түлек үшін үлкен қайғы.Десекте елде болып жатқан жағдайларға да мән беріп қарау керек. Мыны індет кетпейінше бұл жағдай әліде жалғасын табары анық. Дегенмен әр нәрсенің бір аяғы, таусылар сәті болады.

Сондықтан түлектер ешқандай қаймықпай, Ұлттық Біріңғай Тестті жақсы тапсырып, болашақта елім дейтін азамат болуға тілектеспін.Жұртымыз аман,еліміз тыныш болсын. 

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы

Бақберген Ернұр