Шымкент
«Оңтүстік» индустриалды аймағы
Шымкентте өнеркәсіп өндірісінің көлемі артады деп күтілуде. Индустриялық аймақ аясында 2018 жылы iске қосылған «Шымкент Темiр» ЖШС-нiң болат құю зауыты өндiрiсінiң жалпы құны 5,9 млрд. теңге болып отыр. Жылына 250 мың тонна өнiм шығаруға қауқарлы кәсiпорында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Зауыт - ТМД елдерiнде баламасы жоқ, заманауи құрылғылармен жабдықталған. Өндіріс ошағы толықтай iске қосылғанда жылына 1 миллион тонна өнiм алу жоспарланып, 2100 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, индустриалдық аймақ аясынжа «Ferrum-Vtor» ЖШС-ның болат құю цехы да өз жұмысын сәтті атқаруда. Жобаның құны 1 млрд. 244 млн. теңгені құрайды, Онда 235 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда еуропалық стандарттарға сай және баға жағынан тиімді тот баспайтын болат металы шығарылады.
Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалды аймақта қазіргі уақытта 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.