Шымкент

Өмірін қиюға дайын сақшылар арамызда...

Қазақстандық сақшылар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құқықтық тәрбиены қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшылары аз емес. Олардың ел тыныштығын қамтамасыз етуі, қоғамдағы тәртіпті қадағалануы көптеген халық үшін үйреншікті іске, олардың міндеттеріне айналғандай. Дегенмен тәрітіп сақшылары кей кезде өз өмірлерін құрбан ететінін ұмытпау керек.

Шымкенттік полиция қызметкерлері өз өмірлері мен денсаулықтарын қоғамдағы келеңсіздікті жойып, халыққа көмектесу үшін аямайды. Себебі жыл басынан бері шымкенттік сақшылардың жасаған ерліктері көпке үлгі болды. Мысалы, Қаратау АПБ-ның полиция капитаны Есенқұлов Медет Қанатұлы полиция лейтенанты Чуманов Асқар Шералыұлы ағымдағы жылдың 16 наурызында жергілікті тұрғын көпқабатты үйдің 9-қабатынан секіріп кетпек болған кезде суицидтің алдын алып, оны құтқарып алған. Ал Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері полиция майоры Дәурен Мырзалиұлы Майрихов, полиция майоры Біржан Сағынбайұлы Сағынбаев, полиция майоры Дәулет Бақытұлы Әбубәкіров жәнеТемір Жәнібек Өмірбекұлы суицидтің алдын аған. Олар 26 наурызында кәмелет жасқа толмаған қызды темір жол рельсінен шығарып, құтқарды. Қаратау АПБ-ның полиция аға лейтенанты Болат Асхат Тайырханұлы, оны ішкі блок-бекетте құқық тәртібін сақтау бойынша міндетін орындау кезінде "Лексус-570" маркалы автомашинасы қағып кеткен. Осылайша оның денсаулығы түрлі жарақаттар алды. Абай АПБ-ның қызметкерлері полиция капитаны Абдрахманов Мұзафар Хикматуллаұлы және полиция лейтенанты Ырысбеков Бименды Ермұхамедұлы тұрғындарды агрессивті иттен құтқарған, нәтижесінде бір қызметкер жарақаттанды.

Расымен, біздің күнделікті өмірімізде әртүрлі қылмыстық, тәртіптік жағдайлар орын алады. Тәртіп сақшылары болса, өзінен жәрдем күтетін халыққа қол ұшын созу үшін өмірлерін қиюға дайын. Осындай ерліктері үшін жоғарыда аталған полиция қызметкерлері  жуықта "Құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.