Шымкент
Туристік тәртіпті қадағалауды полицейлер бастап кетті
Әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты көптеген мемлекеттердің шекаралары жабылды. Бұл әр мемлекеттің ішкі туризмін дамытуға қолайлы жағдай. Соныдықтан Шымкент қаласында келуші туристерге құқықтық қолдау көрсетіп, өңірдегі құқықтық тәртіп пен тәрбиені ретке келтіру мақсатында туристтік полиция бөлімшесі құрылды.
Қазігі уақытта жаңадан құралған құрылымның құрамында 25 қызметкер бар. Бұл туристік полицейлер таңғы сағат 9:00-ден түнгі 1:00-ге дейін қалдағы төрт ірі нысандарда, яғни, Арбат, Орталық саябақ, Наурыз алаңы, Қошқар ата өзенінің жағалауында тексеру жұмыстарын жүргізіп жүреді.
Аталмыш полиция қызметкерлерінің міндетіне қаладағы тәртіпті қадағалап, қала туристері мен қонақтарына құқықтық көмек көрсету кіреді. Егер турист өз құжаттарын жоғалтса немесе қандай да бір оқиғаға душар болса, полиция қызметкерлері қонақтарға орын алған проблемаларын тез арада шешуге көмектеседі.