Шымкент

Жол картасы жұмыспен қамтуға бағытталған

Шымкент қаласы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте инвестиция құны 5,5 млрд. теңге болатын 6 жоба жаңадан құрылған агро-индустриалды аймақ аясында жүзеге асырылады. Бұл жобалардың құрылысы кезінде 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.

Ауыл шаруашылығы бағытындағы аймақтық жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында екі кезеңді қамтитын жол картасы дайындалған. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен өткен жиында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков айтты.

«Жол картаға сәйкес бірінші кезеңде агроиндустриалдық аймақта 30 га өнеркәсіптік жылыжай кешенін салушы инвесторларға жер үйлестіруге қажетті құжаттары жинақталды. Өз кезегінде, жеке инвесторлар жылыжай кешенін салу жобаларын 2020-2022 жылдар аралығында жүзеге асыруды көздеп отыр. Ал, екінші кезеңнің жобалары 2025 жылға дейін жүзеге асырылатын болады», - деді басқарма басшысы А.Қаныбеков.