Шымкент
Аппарат коронавирусты тез әрі нақты анықтайды
Ауруханаға түскен науқастардан коронавирус инфекциясы бойынша жаңа қондырғы арқылы зертханалық сынама алынып, ПЦР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланады.
ПЦР зертханасында тәулігіне 3 дәрігер-зертханашы, 2 зертханашы жұмыс істейді. Медицина мамандары күнделікті 150-200 шамасында талдау жасайды.
Айта кетейік, Шымкент қаласында Covid-19 жұқтырған азаматтарды уақытылы анықтау мақсатында, лабораториялық тесттен өткізу шаралары күшейтілді. Қаладағы Ұлттық зерттеу орталығының филиалынан бөлек, қалада қосымша 3 лабораториялық зерттеу орындары ашылды: Диагностикалық орталықта, жұқпалы аурулар ауруханасы базасында және ЖИТС орталығында. Нәтижесінде күніне тестілеу қуаттылығы 300-ден 500-ге жеткізілді.