Кітап оқу техникасы: Кітаптан ең пайдалы нәрсені алу - на bugin.kz
Гаухар Бердiбек - на bugin.kz Гаухар Бердiбек

Лайфхак

Кітап оқу – жан азығы. Гиппократ «Мен не жесем, солмын» дегендей адам не оқыса, соны сіңіреді. Оқып жүрген кітабыңыз қандай, оқылған кітаптар саны, одан алған біліміңіз сай келе ме, соны ескеру керек. 

Реквизиттер

Кітап оқуға арнайы уақыт арнаңыз. Егер кітап оқуға уақыт арналмаса, онда жүйелілік болмайды. Ол үшін сізге күнтізбе керек. Келесі реквизит – маркер. Маркер арқылы кітаптағы ең маңызды нәрселерді белгілеп, өзіңіз түйген мағлұматты бояп қойыңыз. Осы кезде есте қалады. Келесісі – бетбелгілер. Бетбелгілердің бірнеше түрін алғаныңыз жөн.

Алты элемент

Кітап оқу үдерісі ас қорыту үдерісі сияқты болу керек. Асты сіңіргенде алты элементті сіңірген сияқты кітап оқу процесін де алты элемент ретінде қарастырамыз.

Бірінші элемент – лайфхак, әдіс-тәсілдер, өмірде кездесетін құралдар мен кеңестер. Осы элементтерді маркермен сыза отырып, жоғарыда аталған қызыл бетбелгілермен белгілеңіз. Бетбелгіні кітаптың жоғары бетіне емес, астына жабыстырыңыз.

Екінші элемент – ынталандыратын нәрселер, мотивация, толғандырған сұрақтар не жауаптар. Бұл элементті қызғылт бетбелгімен белгілеңіз. Ал оларды кітаптың жоғарғы бөлігіне жабыстырамыз.

Үшінші элемент -– оқуға қызықты болған беттер, кітапты тезірек оқуға ынталандырып, ләззат әкелген тұстар, есте сақтауға болатын жағдайлар, интрига барысы. Бұларды сары бетбелгімен кітаптың шетіне белгілеңіз.

Төртінші элемент – анекдоттар, күлкілі жағдайлар, сатиралы цитаталар, ирония, әзіл-сықақ әңгімелер. Оларды жасыл бетбелгімен белгілеңіз. Бұндай типтегі ақпараттар эрудицияны арттырады.

Бесінші элемент – сілтемелер, сандық мәліметтер, фактілер, статистика, тарих, т.б. Ондай ақпараттарды көк бетбелгімен белгілеңіз. Ондай мәліметтер есте қалмайды, сондықтан осы мәліметтер керек болған жағдайда кітапты парақтамай, оп-оңай таба аласыз.

Ал кітаптың белгіленбеген жері – ол алтынша элемент. Ас қорыту жүйесінің мысалындағыдай, қалған бөлігі – су.

Енгізу қосымшасы

Қызыл бетбелгімен белгіленген мәліметтерді Trello қосымшасына енгізіңіз. Кітаптан алған нәрсені практикада қолдануға көмектеседі. Осыған енгізе отырып, еске салатын уақытын белгілеп қоя аласыз. Қай кезге дейін қолданамын деген сияқты жоспар құрсаңыз да болады.

Қызғылт бетбелгілермен тұрған мәліметтерді Notes бөліміне салып қойыңыз. Сондағы пікірлерді оқып тұрыңыз.

Ал қалған мәліметтер кітап бетінде қалады.

Мерзім

Кітапты оқып бастар алдында міндетті түрде ең алғашқы бетке оқып бастаған күнін жазыңыз. Кейін кітапты оқып шыққан соң қып болған күнін ең артына жазасыз. Осы арқылы сізге бір кітапты оқуға қанша уақыт кететінін және уақыт өткен сайын кітапты оқуды тездеткеніңізді байқайсыз.

Оқылған кітабыңыз тек сол сәтте миыңызда қалып қойғаны керек емес. Кітапты оқудағы мақсат – ойлау қабілетін жақсарту, оны өмірде пайдалана алу. Сол себепті кітаптың ең маңыздысын, ең пайдалысын осы әдіс бойынша сіңіріңіз

0 Пікір Кіру