Weekend

Жігерлендіретін жеті қағида

Инстаграм желісінен «21 жастағы миллионерша», «20 жастағы миллиардер» парақшаларын көріп қызығасың ба, қызғанасың ба?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зәулім үйлер мен автокөлік сатып алып жатқан адамдардан үлгі аласың ба әлде лотоларына қатысып жүре бересің бе?
Олардың өтімді өтіп жатқан өмірін қараумен өз өмірің өтіп жатыр. Әрекет жасайтын кез келді.

Сізге өзіңізді жігерлендіретін жеті қағиданы ұсынамыз.

 1. Досыңыз шағын бизнес бастаса тауарының бағасын түсіріп, өз бәсіне сауда жасауды доғарыңыз. Керісінше, қолдау көрсетіңіз. Адамның жеткен ең кішкентай жетістігіне де шынайы  қуана біліңіз. Олардың қалта қаражатын есептеуді қойып, ақыл-парасатына көбірек мән беріңіз.

2     Жетістікке жеткендердің ішкен-жегенін бақыламай, толық өмірбаянымен танысыңыз. Өмірбаяндарын оқи отыра, өзіңіздің өміріңізде болып жатқан бір-екі элементті кездестіретініңіз анық. Қиындыққа қалай төтеп бергенін, кедейліктен қалай арылғандығын біліңіз. Қазіргі таңда мотвациялық, тұлғалық даму жанрындағы кітаптар өте көп. Мотивация әрі кетсе бойыңызда үш күн лапылдар, кейін таппай қаласыз. Сондықтан, жасай алатын ісіңізге, күшіңізге мән беріңіз. Дисциплинаны жоғары қойыңыз.

3.   Стоицизм туралы кітаптар оқыңыз.Олар шешім қабылдауға, тез әрі нақты әрекет жасауға көмектеседі.Маркус Аврелийдің «К самому себе» кітабынан бастаңыз. Бұл ұлы Рим императорының империя байлығын ақылмен басқаруға және жақын кеңесшілермен де, Римнің қарапайым азаматтарымен де қалай қарым-қатынас жасағаны туралы оқиғалар желісі жазылған кітап.

4.    Арманың сана құрған әдемі көрініске айналып кетпес үшін оны мақсатқа айналдыру керек. Ол үшін сізді:

·    «Арманыма жеті үшін осы айда не істей аламын? Әр күнім арманыма бір қадам. Күнімді тиімді өткізу үшін жоспар құруым керек»,-деген ойлар мазалауы керек. Жоспарлаған ісіңізді істей алмай қалсаңыз ұйықтай алмайтындай тынымсыз күйге жетсеңіз демек сіз арманыңызга жақын қалдыңыз.

5.    Егер сіз ештең сатып алмасаңыз, сауда орталықтарын аралап, интернет-дүкендерді қарауды доғарыңыз. Уақытыңызды пайдасыз нәрсеге жұмсап жатсыз. Оның орнына, өзіңіздің хоббиыңызды тауып, соны істеуге ақша құртыңыз. Кейін хоббиіңіз тұрақты жұмысыңызға айналмасына кім кепіл?

6.    Білім алуға теңгеңізді аямаңыз. Мықты бизнес-тренерлердің курстарына қатысып, нәтижесін өз бизнесіңізде пайдаланыңыз. Үйіңізді шағын кітапханаға айналдырыңыз. Кітапқа құртқан бес мың теңгеңіз бес жылдан кейін бес миллион айлық алатыныңызға септігін тигізуі мүмкін.

7.    Жетістікке жететін адамдардың өз жеке күнделігі болады. Әр сағатыңызды сыр қып күнделікке ақтарыңыз. Жазу арқылы миыңыздағы көп мәселелерді реттейсіз. Идеяларыңызды топтастыру оңай болады.


Қарапайым әдіс иә? Ең бастысы ниет.Ниетіңіз болса, әрекет жасау оңай.