Weekend
Қазақстандықтар коронавирус пандемиясына байланысты ішкі туризмге ден қояды
Су қоймасының жағасында 170-ке жуық жеке демалыс базасы бар. Олардың шамамен 100 шақтысы ашылған. Бұл - қалалық жағажай мен қала ішіндегі демалыс орындарын есепке алмағандағы көрсеткіш. Туристік базалардың карантин кезіндегі негізгі шарты - демалыс орнының тек 50 пайызына адам қабылдайды.
"Нысандар 3-ке бөлінген. Алматылық демалыс орындары, солтүстік жағалау және Қапшағай қаласы. Нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Ол туризм объекті қызметінің алгоритміне сәйкес болады", - деді қалалық спорт және туризм бөлімінің басшысы Айдын Әбілқасым.
Дегенмен демалыс орындарының иелері эпидемия мен карантин режимі бизнеске зиянын тигізгенін айтты. Соған қарамастан олар бағаларды көтермеуге уәде етті.
"Әдетте маусымға дайындалу үшін шамамен үш айдай керек. Осы үш айда біз дайындалып жатырмыз және қонақтар да келіп жатыр. Қонақтар май айынан бастап келе бастайды. Мамыр айынан бастап кіріс жоқ, бүгін 13 маусым. Біз талаптарды орындадық және осы уақытқа дейін жабық болды, енді ашылғанын күтіп отырмыз", - деді демалыс орнының директоры Ксения Черненко.
Жалпы жағажай маусымына дайындық аяқталып қалды. Көптеген базада санитарлық нормалардың талаптары сақталған: кіреберісте температура өлшеуден бастап бөлмелерді дезинфекциялауға дейін.
Мамандардың болжамына қарағанда Қапшағай жағажайына осы жазда шамамен миллионға жуық турист келеді.
Tengrinews.kz