Шымкент
Карантин
Абай ауданына карасты Әл-Фараби көшесі, Темірлан тас жолы бойындағы касіпкерлік нысандарға тексеру жүргізген мамандар, санитарлық талапқа сай жұмыс істеу керектігін ескертті.
Ал 51 нысанға ескерту парақшалары таратылып, 8 нысан анықталған кемшіліктер жойылғанша жұмыстарын тоқтатты.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылған болатын. Қаулыға сәйкес, COVID-19 індетінің тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік талаптарды қатаң сақтау керектігі жазылған. Сондықтан да тәртіпке бағынбағандар заң алдында жауап беретін болады.