Шымкент

Шымкент: Қаратау ауданында дезинфекция жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Қаратау ауданы бойынша басшысы Ералқасын Түктібай коронавирус пандемиясына қарсы атқарылған жұмыстарды ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте баяндап берді.

Аудан аумағындағы 416 көп қабатты тұрғын үйдің аулалары мен кіреберістері, аяқжолдар, 274 аялдама, 6 саябақ пен аллеялар және басқа да қоғамдық орындарға 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері дезинфекциялау жұмыстарын жүргізген.

Сонымен қатар, «Public Protection» ЖШС аудан аумағындағы 24 шағынаудан мен тұрғын алаптардағы 1 039 ішкі орамдық көшелерді кестеге сәйкес күнделікті 10 арнайы техникамен дезинфекциялауда.

– Қаратау ауданы бойынша барлығы 167 КВИ ошақтарында санитарлық індетке қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларға байланысты дезинфекциялау жұмыстары «Verum QZ» ЖШС және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан атқарылуда. Бәйдібек би, Назарбаев даңғылы мен Алматы, Төлеметов, Жібек жолы, Әл-Фараби, Ю.Саремий, Ибрагим ата көшелерінде орналасқан 778 коммерциялық нысанның іргелес аумақтары және аудандағы ірі сауда орындары (Метро, Шахан, Жаңалық, Сайман) мен базарлардың (Ынтық ата, Нұрсайрам) аумақтарында дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілуде, – деді аудан әкімі.

Қаратау ауданында қазіргі уақытта 4 жерде арнайы орындар ашылып, әлеуметтік пакеттер таратылды. Жалпы 4 055 әлеуметтік пакет тағайындалып, мұқтаж отбасыларға үлестірілген. Демеушілердің есебінен ауданда аз қамтылған 1 627 отбасы азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етілген.

Карантин кезінде Шымкент қаласы Қаратау ауданы санитарлық қызметкерлерімен бірлесе 47 нысан иесіне ҚР ӘҚБК 476 бабының 3-тармақшасына сәйкес хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданған.