Саясат
Бабалар айтқан екен
Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек. Олар сауда жасап жүріп-ақ қатын-бала, үмек-шүмегімен сабанның топанындай ағылып келіп, сенің жеріңе атақонысыңдай орнығып алады.
Ел алу, жер алу – Қытайға түкіргеннен де оңай. Ол көптігімен алады. Қаулаған өрттей басып қалады. Қытай өзімен қоңлас елдерді соғысып жойған жоқ, сауда жасап жүріп-ақ жұтып қойды. Бұ сияқты жер алу, ел алу әдісін дүние жаралғалы тарих жүзі көрген жоқ шығар.