Шымкент

Шымкентте «ақылды күнбағыс» жүйесі іске қосылды

Ақылды қала

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды. 


Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды.

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды: Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ - 3, Металлург саябағы - 3, Жеңіс саябағы - 3, Дендро саябағы - 3, Қошқар ата - 2.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі