Weekend

Қазақстандық команда бір миллион долларға таласады

Киберспорт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

CIS Minor Championship - Katowice 2019 турнирінде қазақстандық AVANGAR командасы Winstrike Team командасын жеңіп бірінші орын иеленді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Бірінші орын үшін қазақстандық ойыншылар 30 мың АҚШ долларын және IEM - Katowice Major 2019 жарысында жолдама алды. Онда бас жүлдеге бір миллион доллар тігіледі.

AVANGAR командасының құрамында төрт қазақстандық ойын көрсетті. Олар: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев, Бектияр Бақытов. Ал команда капитаны - ресейлік Али Джами. Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) көп қолданушылары бар компьютерлік ойын. CS:GO бұрынғы Counter-Strike және Counter-Strike:Source секілді киберспорттық тәртіп бойынша жүргізіледі. Ең үлкен турнир - major жарыстары. 

Айта кетейік, 2017 жылы қазақстандық команда Краковта өткен киберспорт жарысында жеңімпаз атанып, 500 мың доллар ұтқан еді.