Шымкент

Шымкент: Еңбекші ауданында карантин режимін түсіндіру жүргізілуде

Шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласы аумағында карантин режимі мен шектеу шаралары күшейді. Қоғамдық орындар белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істесе, демалыс орындарына баруға тиым салынды.


Осындай енгізілген өзгерістерді түсіндірген мониторингтік топ Ш. Уәлиханов көшесінде орналасқан сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындарын аралады.  Карантинге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, талапқа сай жұмыс істеу керектігін ескертті.

Айта кетейік, сенбі, жексенбі күндері жеке тұрған азық-түлік дүкендерінен өзге барлық сауда нысандары жабылады. Бұл күндері қоғамдық көлік қатынасы да тоқтайтын болады.  Сондықтан да аса қажеттілік болмаса үйде болғандарыңыз дұрыс!