Weekend

Неліктен Қазақстанда Димашпен ешкім келісімшарт жасаспайды? Танымал рэпердің пікірі

Ол Димаштың танымалдығының артуына қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дулат Мұхаметқалиев Қазақстанда Димаштың өнерін шын бағалап, қолдау көрсеткендердің аз болғанын айтты. Сонымен қатар, ол әншінің өз күшімен көтерілгеніне назар аударып, неліктен Қазақстанда онымен ешкім келісімшарт жасаспай отырғанын түсіндірді. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

Ninety one тобының басты рэперінің айтуынша, Қазақстанда әншінің өнерін шын түсінгендер аз болған.

"Димаш өз күшімен көтерілді. Осы тұста "Димаш Қытайға барып көтерілмей тұрғанда қайда болдыңдар бәрің?!" деп әңгіме айтуға болатын сияқты. Неге онымен Қазақстанда ешкім келісімшарт жасаспайды? Себебі, Қазақстанда ешкім классиканы түсінбейді және түсінгісі келмейді", — дейді ол ZAQ "ПайымDAU" бағдарламасына берген сұхбатында.

Дулат Мұхаметқалиев Қазақстанда классиканы жоғары бағаламаса да, Димаштың танымалдылығы артқаннан кейін бұл жанрды сүйіп тыңдайтындардың қатары көбейгенін айтады. Сонымен бірге, ол елімізде танымалдылыққа ие болу үшін не істеу керектігіне тоқталды.

"Ешкімге керек емес классика аяқ астынан мейнстрим болып кетті. Әрқайсысы youtube желісінен бір көріп "Мынаны қарашы" деп айтады. Бірақ қазақтар осылай айтуы үшін, алдымен, қытайлар "Вот это кайф" деп айтуы керек болды. Бұдан өзге "Қазаққа тән емес", "Мен қазақпын" деп айтуың керексің", — дейді Дулат Мұхаметқалиев.

ZAQ желіні шулатып денесін жартылай жалаңаштап, басына сәукеле киген Шолпан есімді аруға да қатысты пікір білдірді. Айтуынша, бойжеткеннің бұл әрекеті мүлдем көңіліне жақпайды. Сондай-ақ, ол оның желі қолданушылары тарапынан мұндай назарға мүлдем лайық емес екенін айтып өтті.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61