Экономика
Ресей экономикасы
Белгілі экономист Сергей Гуриев украин журналисі Дмитрий Гордонға берген сұхбатында Қазақстан экономикасы туралы өз ойын білдірді. Ресей экокономикасы кеңестік елдер ішінде көшбасшы болатын.
Бірақ бүгінде ол қате көрсеткіш , қазір Қазақстан экономикасы даму жағынан Ресейді басып озғанын айтты.
Париждің саяси ғылымдар мектебінің профессоры Сергей Маратовичтің сұхбаты әлеуметтік желіде кең таралып, оқырмандар арасында қызу пікірталас туғызды. Ол Ресей экономикасының бүгіні мен ертеңі жайлы өз көзқарасын білдірді. Оның ойынша көрші ел экономикасы әлемдік даму көшінен айтарлықтай қалып барады.
- Қазір, елдегі даму көрсеткіші 70-80 жылдардағы КСРО экономикасының жағдайына өте ұқсас. Экономикалық жылдам өсуді күтудің қажеті жоқ. Өйткені, әлемдік экономика қарыштап дамып барады. Ресей одан қалып барады. Тіпті, Қазақстан қазіргі таңда Ресейді қуып жетті. Бұрынғы кеңестік елдер арасында Ресей ең бай мемлекет болатын. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан экономикасы Ресей экономикасынан 40 пайызға артта болса. қазір қуып жетіп, басып озды, -дейді Сергей Гуриев.