Weekend

Елді елең еткізген "Ана мен бала" мүсіні

Сәби емес...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осы уақытқа дейін «анаға, ана мен балаға» арналған мүсін қойылсын деген халықтың ақ тілегі болды. Бүгінде бұл тілек жауапсыз қалмады. Алайда, күткен нәтиже көпшілікті шошытқаны рас. Мүсіннен сүйіспеншілк пен ыстық ықыласты көргісі келген жұрттың көңілі құлазып қалды.

Мүсіннің мағынасы қандай?

Мүсінде сәбиді ұстап тұрған әйел бейнесі өз баласын қараңғылық пен қорқыныштан, зиян келетін басқа да дүниелерден қорғаушы символы ретінде бейнелену керек болған. Сонымен қатар, ана болудың маңыздылығын көпшілікке жеткізу.

Балаға бар мейірімін беретін ол - анасы. Сәби жарық дүиеге келіп, алғаш көргендегі идеалы да - анасы. Сондықтан ол бақыт, ақиқат, сұлулық пен кемелдік, махаббат ұғымы ретінде қарастырылады. 

Мүсіннің негізгі мақсаты - ананың балаға деген махаббатын және баланың анаға деген сүйіспеншілігін жеткізу болатын.

Алайда...

Алайда, еліміздің  мегаполисі  Алматы қалалық перинаталды орталықтың алдында құшағында баласын ұстаған әйел мүсіні халыққа жағымды аура сыйлаудың орнына, біраз шошытып алды. Мүсіннен ешқандай жылулықтың сезілмейтіні жалған емес. Бұның үлкен себебі, мүсіндегі жаңа туған сәбидің бейнесіне келіп тіреледі. Мүсіннің авторы баланың жүзіне анаға деген сүйіспеншілікті енгізе де, жеткізе де алмаған. Сонымен қатар, сәбидің түр-келбеті тым ұсқынсыз, қорқынышты, әрі егде жастағы адам ретінде бейнелеген.

Енді дәл осы мәндегі ескерткіш көрші Ресей мемлекетінде де орнатылған. "Ана мен бала" мүсінінде ананың балаға деген махаббаты, ұзын шашты әйел мен кішкентай сәби бейнесі асқан шеберлікпен мүсінделген. Екі елдегі мүсінді салыстыра отыра ұқсастықтары тек  "Ана мен бала"тақырыбында, ал айырмашылығы мүсіннің жасалу кейпінде. 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61