Bugin
Өлең шумағы
Ата-анам байлығым, алтын бағым,
Бізге берген жемісін бағаларым.
Өмірдің көрсеткен бар қызығын,
Жақсылыққа жетелер паналарым.
Жылы-жылы сөздерін аямаған,
Алақанға сап бізді аялаған.
Жақсы болсын, жаман болсын құлыным деп,
Болашаққа біздерді даярлаған.
Қиын сәтте жанымыздан табылған,
Шалғай кетсең, көз жасымен сағынған.
Суық тиіп, қалсақ егер ауырып,
Күн-түн демей Құдайына жалынған.
Сұрағанда айды әперген аспаннан,
Өсіріп, жетілдірді, кем қылмады басқадан.
Жылағанда түн ұйқысын төрт бөліп,
Үзіндіні оқып берген дастаннан.
Айыпжан Самал Мұхтарқызы