Алматы
Төтенше жағдайды бұзғандар бар
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаменті 2020 жылдың алғашқы бес айының қорытындысын жасады.
Жемқорлыққа қарсы қызмет ведомства бес айдың ішінде 86 қылмыстық іс ашып, барлығы 786 млн теңгені кері қайтарған. Пара алу бойынша 53 қылмыстық іс, билікті асыра пайдалану бойынша – 2, лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша – 3, алаяқтық бойынша – 19 іс анықталды.
Жемқорлыққа қатысы бар барлығы 46 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында жергілікті құқық қорғау органдары, сот жүйесі басшылары бар. Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен Бостандық аудандық сотының төрағасы жауапкершілікке тартылды.
– Алматы қаласы аумағында Төтенше жағдай кезінде жүк тасымалымен айналысатын кәсіпорыннан 10 жүк машинасын еркін жүргізгені үшін айыппұл алған транспорттық бақылау инспекциясына 9,9 млн теңге айыппұл салынды, – дейді департамент басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат.
Азаматтық іске жеңілдік беру үшін 850 мың теңге пара алған Наурызбай аудандық сотының судьясы төрт жыл бас бостандығынан айырылды әрі мемлекеттік қызметте жұмыс жасаудан өмір бойы шеттетілді.
Жемқорлыққа қатысы бар істерді аяқтау барысында 786 млн теңгенің шығыны өтелген. 14 тұлғаға 106 млн теңге айыппұл салынды. Сот үкімінен кейін 203 млн теңгенің мүлкі тәркіленген.
Төтенше жағдай режімін бұзған төрт қылмыстық іс сотқа жолданып, бес тұлға түрлі жазаға кесілген. 32 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.