Нұр-Сұлтан

Елордадағы коронавирус ахуалы қандай?

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордада коронавирусқа шалдыққандар күн санап артуда. Тіпті дәріханаларда керек дәрінің жоқтығы халықты әбігерге салды. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, емдеудің маңыздылығын атап өтті.

– Пандемияның екінші толқынын ескере отырып, шілденің соңына дейін жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған төсек орындарын 50 пайызға арттыруды тапсырамын. Бұл үшін өңірлер барлық резервті, соның ішінде, жеке және ведомстволық медицина орталықтарын пайдалануы керек. Үкіметке дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін бес күннің ішінде шешуді тапсырамын, – деді Президент.
Coronavirus2020.kz cайтының мәлімдеуінше Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққандардың саны -5442 болса, жазылып шыққандардың өсімі - 2778-ді құрады. Қаза болғандар саны-61.

Науқастар жататын орындар мен ішетін дәрілердің қалмағанын айтып,әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Бірі дәрі жоқ десе, енді бірі күніне дәрі бағасының шарықтап бара жатқанын айтуда. Үкімет басшысы қала әкімдеріне 5 күн ішінде дәрілердің дәріханаларда болуын тапсырды.

 Біз таңертең келеміз. Жұмысты қабылдап аламыз да кірісеміз. Аппаратқа қосылған адамдарды бірінші мән беріп, олардың жағдайын қараймыз. Қан қысымын, қан құрамына талдау нәтижесін жасаймыз өзіміз. Кейбіреуін зертханаға жібереміз, - дейді реаниматолог дәрігер Еркінбек Сағадиев.

Дәрігерлер бұл дертке шалдыққандарды әлемдік тәжірибеге негізделген хаттамаға сәйкес емдейді. Инфекционистер, індеттің алдын-алу қажеттілігін, ауа-тамшы жолдары арқылы,яғни түшкіргенде, жөтелгенде өзге адамға да жұғатынын атап өтті. Нұр-Сұлтан қаласында пандемиямен күрес әлі де жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Е.Тоғжанов карантин тәртібін бұзған азаматтарға да заң тарапынан жауапкершілік қаралатынын атап айтты.