Шымкент

Шымкент: Абай ауданында қоғамдық орындар дезинфекциялануда

Карантин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелеріне, кіреберіс алаңдарына және аулаларына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Дәрілеу шараларына еріктілер мен сарбаздар жұмылдырылған.


Айта кетейік, Шымкент қаласында індеттің алдын алу бойынша дезинфекциялау жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.

Залалсыздандыру жұмыстарын 200-ден астам еріктілер мен әскери қызметкерлер атқаруда.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, дезинфекциялау сұйықтығы мен қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті.