Weekend

Виктор Цой: "Көкек"

Еркін аударма

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлі қанша жазылмаған әнім бар,

Сол бір әнді іздесем бе ауылдан,

Я гүлзарын кезсем бе екен шаһардың;

Қара тастай жатқан жөн бе енді әман,

Я жұздызын жаққан жөн бе Отанның?

– Айтшы, көкек,

Бір жауабын бер маған.

 

Жалғыздың-дүр соңынан кім ереді?

Тырп еткізбей жер-бесікке бөледі,

Кәрі майдан даласы кіл жігітті.

Жауған оққа қарсы тосқан кеудесін

Ұландардың көбін ғасыр ұмытты

(Бұл да өзін-өзі ұмытқан елге сын)...

 

Ұрандағы сөз бен ойға бостандық

қайда қазір, біз бәрінен бос қалдық.

Оқтан баяу – жылдамдығы жарықтың,

Мыстан-түн мен дұшпан күннен дүреген...

Кім тыңдайды зарын көмбіс халықтың,

Кім қорғайды зор шындықты дүреден?

 

Алақаным мұзға айналды, көр мұны,

Қарап, күнім, қуант мендей шерліні!

Ал жүрегім оқ-дәрідей.... от – емі!

...Көкегім!

Тәржіман – Асылан Қуанышұлы