Саясат

Мұғалімдерге кітапты 2000 теңгеге шартты түрде сатып отыр

Әлеуметтік желідегі жан айғай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты мектептерде мұғалімдерге шартты түрде «Эссе жазудың үлгілері» атты әдістемелік құралды сатып отырғаны туралы, инстаграм әлеуметтік желісіндегі «qazaqstanda» парақшасында жарияланды.

 

Видеоны жолдап отырған автордың мұғалімдердің атынан айтып отырғанына қарағанда, өзі де ұстаз болуы керек. Оның айтуынша, бұл кітапты аудандық білім бөлім басшысы шартты түрде алуды тапсырған. Сонымен қатар, видеода кітаптың түпнұсқа емес, көшірме күйінде жасалғаны, 25 парақтан тұратыны, есептесе 500 теңге болатын еңбекті 2000 теңгеге сатып отыр деп назын жеткізген.