Weekend

Берік Ысмайылов қайтыс болды

Ол белгілі дизайнер еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі қазақстандық дизайнер Берік Ысмайылов қайтыс болды. Суыт хабарды өнер адамдары әлеуметтік желіде бөлісті.

"Коронавирус елімізге қауіп төндірген алғашқы күннен-ақ тегін маска тігіп, таратып, бүкіл шәкірттерін сол жұмысқа жұмылдырған патриот, тамаша дизайнер, елгезек жан Берік Исмаилов ағамызды да сұм ажал, беті жаман індет арамыздан алып кетті",- деп жазды Дана Нұржігіт.

"Бұл фәни жалғанда, сіздің енді жоқ екеніңізге қалай сенейін...", -деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Берік Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры. Омбы политехникалық институтының, Мәскеудегі Любовь Красникова — Аксенева авторлық мектебінің түлегі.

sputniknews.kz