COVID-19
Ол қазақстандықтардың желіде дүрбелең туғызатындығына шағымданды
Айтуынша, дәрігер нұсқауынсыз берілетін дәрілерді сатып алудың қажеті жоқ.
"Үйде дене қызуы жоғары болған жағдайда парацетамол ішуге болады, одан басқа арнайы дәрілерді сатып алудың қажеті жоқ. Егер парацетамол болмаса, дене қызуын түсіретін кез келген дәріні ішуге болады", - деді ол.
Сонымен қатар Instagram парақшасындағы тікелей эфирде "Жить здорово" бағдарламасының жүргізушісі Қазақстанда екінші рет карантиннің не үшін жарияланғанын түсінбейтінін айтты.
"Қазақстанда неге былай болып жатқаны маған белгісіз. Алайда бірінші карантин медицинаның дайындалуы үшін берілді. Қазақстандағы нақты жағдайды білмейміз. Интернет дәрігерлердің жанайқайына толып кетті. Дәрігерлер дұрыс емдеу мүмкіндігін қолдан жіберіп алды. Енді үкіметке неге жүгініп жатқанын түсіне алмаймын. Себебі антикоагулянт секілді тиімді дәрі-дәрмектер емдеу мекемелерінде қолжетімді", - деді Малышева.
Сонымен қатар маман бірден антибиотик алудың қажеті жоқ екенін айтты.
"Бірден антибиотик тағайындаудың қажеті жоқ. Қазір дәрігерлер, ең алдымен, антикоагулянттар береді. Одан кейін науқастың жағдайы өте ауыр болса, тоцилизумаб типті дәрі беріледі", - деп толықтырды маман.
Малышева қазақстандықтардың байбаламға салынып, компьютерлік томография жасайтын жер жоқ екенін айтып шағымданып жатқанын жеткізді.
"Америка секілді дамыған елдер компьютерлік томографиясыз да жағдайдың жақсы болатынын хабарлады. Рентгеннің өзі барлық сұраққа жауап беруге қауқарлы", - дейді ол.
Айта кетейік, жуырда Елена Малышеваның 87 жастағы анасы коронавирустан жазылып шықты.