Weekend

Актер Дархан Дайырбек қайтыс болды

Актердің неден қайтыс болғаны белгісіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал актер Дархан Дайырбек қайтыс болды. Бұл туралы продюсер әрі актер Нұртас Адамбай Facebook желісінде жазды.

Ол актердің сегізінші шілдеге қараған түнде қайтыс болғанын жазды.

"Бүгін түнде біздің тамаша актеріміз Дархан Дайырбек қайтыс болды. Студиямыз туғаны мен туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға әрдайым көңілді әрі жақсы кісі еді. Сол қалпында есімізде қалады. Дәке, рөлдеріңіз үшін, жұмысыңызға және адамдарға деген қарым-қатынасыңызға рақмет. Иманды болыңыз", - деп жазды Нұртас Абамбай.

Алайда актердің неден қайтыс болғаны белгісіз.

Қазаны Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының өкілдері де хабарлады.

"Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының Театр артисі, кино актер - ДАРХАН ДАЙЫРБЕКТІ де арамыздан жұлып әкетті. Айтуға сөз жетпейді, қабырғамыз қайысып отыр.

1994 ж. Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын Н.Жақыпбайдың шеберлік класынан бітіріп, сол жылдан еңбек жолын осы, біздің театрдан бастаған; Елге дара талантымен: "Күлкі керуені", "Терісқақпай" әзіл-сықақ театрлары арқылы танылған, апталдай азамат, жарқыраған жақсы адам, дархан көңілді ДАРХАНымыз еді... Амал нешік... Бақұл болыңыз!", - делінген театр хабарында.

tengrinews.kz