COVID-19
Алексей Цой мәлімдеме жасады
«Карантинді ұзартуға қатысты айтар болсам, бастапқыда ұсыныс енгізгенде азаматтардың тілектері ескерілді. Режимнің бизнес қоғамдастықтарға да барынша бейімді болуы көзделді. Дегенмен осынау вирусқа шалдығудың күрт өршіп кетуін еңсеруге септігін тигізетін шектеу шаралары да қарастырылды», - деді министр.
Алексей Цойдың айтуынша, қазір олар қандай да бір аралық нәтижелерді қарап отыр. Дегенмен шынайы тиімділігін екінші аптаға қарай не болмаса олар бағалау жүргізгеннен соң бірден көретінін айтты. Карантин аяқталғаннан кейін оның ұзартылатыны немесе шаралардың қатаңдатылатыны түсінікті болады.