Bugin

Домбыра - асыл мұра

Ұлттық құндылық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 шілде – Ұлттық домбыра күні. Ұлттық құндылығымызды ардақтау, рухани жаңаруымызға үлес қосар мереке. Өйткені шанағынан рух берер күй күмбірлегенде елең етпейтін қазақ жоқ.

Домбыра үні қанымызда бар, ұлттық өнеріміз. Ғасырлар бойы қазақтың серігі, қиындықта сүйеу, қуанышта көңіліңің қанаты болған домбыраға арнайы күн белгіленуі үлкен қуаныш.

Домбыра-ол қазақтың жаны, күй күмбезін көкке өрлеткен көненің көзі. Домбыраның әуенімен қазақтың талай күйшілері, ақын-жыраулары мен сал-серілер музыка әлемінде жыр төгілтіп, күй шерткен.

Сондықтан да бұндай тағылымы терең, мазмұнды шараның өтуі-ұлтымыздың терең тамырлы мәдениетін асқақтатып, рухын көтерері анық.

11 сынып оқушысы Жасталапова Гүлзина